«Ақындар айтысы -2023». Қазақ халқының шығармашылық бағытының бірі ретінде айтыс тарихын зерделеуге арналған шараға 8, 9 сынып оқушылары қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева А.А. және Шайменов Н.Н. балаларға айтыстың халық өнерінің жанры ретінде пайда болу тарихын айтып, өткен дәуірдің белгілі ақындарымен таныстырып, атақты күйлердің орындау үлгісін пайдалана отырып, домбыра үнінің сұлулығын көрсетті.