Қыста суық тию өте оңай. ЖРВИ және тұмау қаупін азайту үшін қарапайым ережелерді қолдану қажет: оқу және демалу режимін сақтау, көп жұмыс жасамау, таза ауада көбірек уақыт өткізу, жеткілікті ұйықтау және жақсы тамақтану; таңертеңгі жаттығуларды орындау және салқын сумен сүрту, жаттығу; ауа райына сәйкес жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау. Аурудың алдын алудың осы және басқа да көптеген ережелерін сынып жетекшілері 1-10 сынып оқушыларына сынып сағаттарында айтып берді.